ПОДЕЛИТЬСЯ
19 маусым 2023 | 15:28
Астанада адамдар кепілге алынған Kaspi бөлімшесінде қазіргі жағдай қандай?
Tengrinews.kz тілшілері ер адам жеті адамды кепілге алған елордадағы Kaspi филиалында барды.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Tengrinews.kz тілшілері ер адам жеті адамды кепілге алған елордадағы Kaspi филиалында барды.
Банк бөлімшесі "Керуен" сауда орталығының жанында орналасқан. Сол жерде тағы бір банк бөлімшесі бар.
Сағат 13.00-де көршілес қаржы мекемесінде адам көп болған. Кешегі оқиғаларға қарамастан, банк бөлімшелеріне келуге ниет білдірушілер өте көп.
"Жоқ, келу қорқынышты емес. Мұның бәрі кеше болды. Ал адам ұсталды. Біз бәрі ойдағыдай болғанына қуаныштымыз. Бұл енді қайталанбайды деп үміттенемін", - деп жауап берді банк қызметін алғысы келген әйелдердің бірі.
Дегенмен, басты кіреберіс есікте екі күзетші тұр. Формасындағы төсбелгілерге қарағанда, бұл жеке күзет компаниясының қызметкерлері. Олар банк бөлімшесінің ішіне кіргізбейді.
Есікке банк бөлімшесі уақытша жабылғаны туралы ақпарат ілінген. Парақта филиалдың 19 шілдеде техникалық себептерге байланысты жұмысын тоқтатқаны көрсетілген.
Дегенмен нысан ішінде адамдар жүр. Олар банк қызметкерлері немесе тергеушілер болуы мүмкін.
Бұл ретте Kaspi баспасөз қызметі филиалдың алдағы уақытта қайта ашылатынын хабарлады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также