Астанада аяз 23 қарашаға дейін сақталады

Астанада аяз 23 қарашаға дейін сақталады

Астанада 23 ?араша?а дейін суы? к?н райы са?талды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ?кідігіні? сайтына сілтеме жасап. 

Астанада 23 қарашаға дейін суық күн райы сақталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкідігінің сайтына сілтеме жасап. 

Солтүстіктен және солтүстік-шығыстан (Об өзенінің ауданы) жеткен ауқымды антициклонның екі көлемді орталығы бар, оның бірі Норильскіде, екіншісі Есіл өзенінің ауданында орналасқан. 

Егер кеше түнде ең төменгі ауа температурасы -27 градус болса, бүгін түнде екі тармаққа төмендеп, 29 градус аяз болады. Алдағы екі күнде ауа температурасы сол деңгейде сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет. Антициклонмен байланысты ауа райы ашық, жауын-шашынсыз болады.

Реклама
Реклама

Синоптиктердің хабарлауынша, 19 қарашадан бастап тағы суық орнайды. Ауа температурасы тағы 3-4 градусқа төмендеп, минус 31-33 градусты, ал күндіз -23…-24 градусты құрайды. 23 қараша күні ғана аяздың беті қайтады. Түнде термометр бағаны 23-26 градус аяз, күндіз -15-тен -18 градусқа дейін көрсетеді.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама