Астанада алдағы үш тәулікте қар жауып, боран соғады

© Tengrinews.kz

Ерте? Астанада к?шпелі б?лт шы?ып, ?ар жауады, боран со?ып, к?ктай?а? болады, - деп хабарлайды Астана ?кімдігіні? сайты "?азгидромет" ?кілдеріне сілтеме жасап.

Ертең Астанада көшпелі бұлт шығып, қар жауады, боран соғып, көктайғақ болады, - деп хабарлайды Астана әкімдігінің сайты "Қазгидромет" өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, 11 қаңтарда күндізгі ауа температурасы - 6 -8 градусты құрайтын болады. Оңтүстік батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с, түнде 25 м/с жетеді.

12 қаңтарда күн бұлтты болып, қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді. Батыстан және солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 9-14 м/с, түнде  15-20 м/с құрайды. Сынап бағанасы -11-13 градус суықтықты көрсететін болады. 

Реклама
Реклама

13 қаңтарда елордада күн, сондай-ақ, бұлтты болады деп болжанып отыр. Астанада қар жауып, бұрқасын жүреді. Батыстан және солтүстік-батыстан соғатын  желдің жылдамдығы 9-14 м/с құрамақ. Ауа температурасы 18-20 градусты құрайды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама