27 маусым 2024 | 18:13

Астанада алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Фото:depositphotos.com

Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанаға арналған ауа райы болжамы

28 маусымда елордада көшпелі бұлт шығады, күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ болуы мүмкін. Оңтүстік-шығыс жел тұрып, күннің екінші жартысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз қатты ыстық 35-37 градус.

Реклама
Реклама

29 маусымда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 27-29 градус жылы.

30 маусымда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 24-26 градус жылы.

Алматыға арналған ауа райы болжамы

28 маусымда қалада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 24-26, күндіз 36-38 градус жылы.

29 маусымда көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соққан жел 3-8, екпіні секундына 13 метр. Ауа температурасы түнде 24-26, күндіз 34-36 градус жылы.

30 маусымда көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын желдің күші 3-8, екпіні секундына 13 метр. Ауа температурасы түнде 22-24, күндіз 32-34 градус жылы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная