10 маусым 2015 09:41

Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезі басталды

10 маусымда Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V сьезі басталды, оның басты тақырыбы ретінде "Бейбітшілік және даму жолындағы діни және саяси қайраткерлердің үнқатысуы" болып белгіленді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев съезд жұмысына қатысады. Съезде Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен және Иордания Королі ІІ Абдалламен кездеседі, - деп хабарлайды Ақорда. Әлемнің 42 мемлекетінің 80 делегациясы шараға қатысатынын растады.  

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram