ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 11 маусым 2025 14:31
Астанада алғашқы LRT вагондары рельске қойылды
Астанада алғашқы жеңіл рельсті көлік (LRT) құрамдары рельске қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада алғашқы жеңіл рельсті көлік (LRT) құрамдары рельске қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
LRT туралы алғаш рет 2005 жылы айтылған болатын. 20 жылдан кейін алғашқы вагондар Астанаға жеткізіліп, рельске қойылды. Tengrinews.kz тілшісі қазіргі уақытта құрамдар орналасқан әуежай ауданында болды.
Әр құрам төрт вагоннан тұрады. Олар Қытайдың Таншань қаласында өндірілген.
Бұған дейін құрамдарды өндіруде жолаушылардың қозғалыс және акустикалық жайлылығын қамтамасыз ету үшін заманауи жеңіл әрі берік материалдар қолданылғаны хабарланған болатын.
Еске сала кетейік, 9 маусымда елордаға жеңіл рельсті көліктің (LRT) алғашқы құрамдары жеткізілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу