Астанада арандатушылық мәндегі сөздің авторына қатысты сот үкімі шықты

Астананы? Сарыар?а ауданды? №2 сотында ?алада?ы аялдамаларды? бірінде арандатушылы? м?ндегі с?зді жазып кеткен ер адам?а ?атысты сот ?кімі шы?ты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ?алалы? сотыны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Астананың Сарыарқа аудандық №2 сотында қаладағы аялдамалардың бірінде арандатушылық мәндегі сөзді жазып кеткен ер адамға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Астананың Сарыарқа аудандық №2 сотында Р.Г.Гайсинге қатысты сот үкімі шықты. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, оған алкологизмнен ем алу белгіленді. Ер адам сот залында кінәсін мойындады", - деп хабарлады соттағылар.

Соттың мәліметінше, ер адам Астанадағы Победа даңғылында орналасқан аялдамада өз қолымен плакат-баннерде арандатушылық мәндегі сөз жазып кеткен.

Реклама
Реклама

"Осылайша сотталушы ұлтт,ық араздықты қоздыру мақсатында қасақана әрекет жасады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, осыған дейін Астана аялдамасында "қазақтарды итше қыру керек" деген арандатушылық сөз жазған ер адам мәлімдеме жасаған болатын.

Tengrinews
Автор сұрағы
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама