Астанада "Атажұрт" қозғалысының лидері Серікжан Біләшті ұстады

Серікжан Біләш © REUTERS

2019 жылы 10 наурызда Астана қалалық полиция департаментінің қызметкерлері Серікжан Біләшті ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2019 жылы 10 наурызда Астана қалалық полиция департаментінің қызметкерлері Серікжан Біләшті ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, ер адам "әлеуметтік және ұлттық алауыздықты қоздыруға бағытталған қасақана әрекеттер жасады" деген күдікке ілінген. 

"Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның басқа да мән-жайы тергеу құпиялығына байланысты жарияланбайды", - деді ведомство өкілдері. 

Реклама
Реклама

Серікжан Біләш - тіркелмеген "Атажұрт" қозғалысының құрылтайшысы, қозғалыстың мақсаты - Қытайдағы этникалық қазақтардың құқығын қорғау.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама