Астанада аударылған батуттан зардап шеккен үш бала жансақтау бөлімінде жатыр

№ 2 ?алалы? балалар ауруханасыны? бас д?рігері Біржан Досмаилов батут аударылып, зардап шеккен балаларды? жа?дайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

№ 2 қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері Біржан Досмаилов батут аударылып, зардап шеккен балалардың жағдайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бір баланы жансақтау бөлімінен травмотология бөліміне ауыстырдық, яғни екеуі профильдік бөлімшелерде. Үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр. Қазір ештеңе болжап айта алмаймын. Олар қаралып жатыр", - деді бас дәрігер.

Досмаиловтың айтуынша, балалардың жағдайын білуге Астана әкімі Әсет Исекешев келген. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, оқиға 4 мамырда болған еді. Уәлиханов көшесіндегі "Жаннұр" сауда үйінің маңында батутты жел аударып кеткен болатын. ҚР ІІМ ТЖК мәліметінше, батут шамамен 20 метрге дейін ұшып кеткен.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама