21 желтоқсан 2018 | 13:30

Астанада автобус жүргізушілеріне 12 миллион теңге айыппұл салынды

Жыл басынан бері елордалық 900 автобус жүргізушісіне жол жүру ережесі мен жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін жалпы көлемі 12 миллион теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жыл басынан бері елордалық 900 автобус жүргізушісіне жол жүру ережесі мен жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін жалпы көлемі 12 миллион теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Жыл басынан бері полицейлер 7 мыңнан аса жолаушыға қоғамдық көлікте жол ақысын төлеуден жалтарғаны үшін айыппұл салынды. Жалпы мөлшерде 30 миллион теңгеден аса айыппұл салынған. Жүргізушілерге қатысты, 900-ден аса автобус жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл мөлшері - 12 миллион теңге", - деді "Астана LRT" көлік бақылауы департаментінің директоры Самат Шәймерденов. 

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, жүргізушілер көбіне жол ережесін бұзу және жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзады екен. 

"Қоғамдық көліктің 7 жүргізушісі жолдың қарсы бетіне өтіп кеткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен көлік жүргізу құқығынан айырылды. Бейнебақылау камералары арқылы ереже бұзушылық деректері анықталып, шара қолданылуы үшін жергілікті полиция қызметіне жіберіледі", - деді ол. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная