ПОДЕЛИТЬСЯ
26 желтоқсан 2022 | 17:51
Астанада автобус карталарының бағасы өседі
Астана автобустарында көлік карталарын шығару және қайта шығару бағасы көтеріледі. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясының баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Астана автобустарында көлік карталарын шығару және қайта шығару бағасы көтеріледі. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясының баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"2023 жылғы 3 қаңтардан бастап Transcard көлік карталарының құны өзгеретінін хабарлаймыз. Дербестендірілген (жеңілдікті және мектеп) көлік карталарын бастапқы шығару құны – ҚҚС-пен бірге 1000 теңге (бұрынғы бағасы 800 теңге), қайта шығару құны ҚҚС-пен бірге 2000 теңге (бұрынғы бағасы 1500 теңге) болады.
Дербестендірілмеген көлік карталарының құны – ҚҚС-пен бірге 1000 теңге", - делінген хабарламада.
Компания мәліметінше, құнның өсу себебі көлік карталарының сатып алу құнының едәуір өсуіне байланысты.
"Сонымен қатар, биыл қолданыстағы жабдықтың тозуына байланысты көлік карталарын басып шығару жөніндегі мамандандырылған касса жабдығын жаңғырту жүргізілді", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 2020 жылдың наурызынан бастап елорданың барлық кәмелетке толмаған тұрғындары үшін қоғамдық көлікте жүру тегін. Сонымен қатар, сапар кезінде көлік картасын растау қажет - бұл жолаушылар ағынын көруге және басым бағыттарды анықтауға мүмкіндік береді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также