Астанада 2017 жылдың жаз айының соңына дейін автобус кондукторларын алып тастау жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада 2017 жылдың жаз айының соңына дейін автобус кондукторларын алып тастау жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Shuttle bus-тан бастап жаз айының соңына дейін кондукторлардан бас тартуымыз мүмкін. Бұл жоспарда бар, shuttle bus-тағы кондукторлармен қоса, барлық автобустағы кондукторлардан бас тарту жоспарда бар. Қазіргі уақытта мұның автобустардың қарбалас кездерде адамдарды қаншалықты толтыра алатыны қарастырылып жатыр", - деді Астана қалалық жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Бекмырза Игенбердинов көлікпен қамту мәселесіне арналған брифинг барысында.
Сондай-ақ, басқарма басшысы қала билігінің кондукторларды басқа қызметке ауыстыру мақсатында халықты еңбекпен қамтамасыз ету орталығымен байланыста болатынын айтып өтті.
"Бұл әлемдік тәжірибе. Кондукторлар керек емес. Ең бастысы әрбір маршруттың жүйелілігі. Жалпы, көп елде, мысалы, Ресейдің Мәскеу қаласында қазір кондукторлар жоқ", - деді Бекмырза Игенбердинов.
Оның айтуынша, қосымша көлік құралдарын алған соң автобустарда жолаушылар саны азаяды.
"Бұл дегеніміз біз енді жолаушыларды алдыңғы есік арқылы кіргізіп, екінші есік арқылы шығара аламыз. Мұнда бізге кондуктор керек болмайды, сондай-ақ, кондукторларға қатысты ешқандай проблема болмайды. Мобиль валидаторлар жүргізушінің жанында тұрады", - деді ол.
Cондай-ақ, қалалық автопарк қызметкерлері үшін жаңа форманың болатыны айтылады. "Біздің қазақстандық компаниялар тігіп жатыр, форма 35 мың теңгеден басталады. Онда күрте, шалбар, қысқа және ұзын жейде, кепка болады", - деді Бекмырза Игенбердинов.