11 қаңтар 2019 15:47

Астанада автобус паркі қызметкерлерге 12 миллион теңге қарыз болды

Астана қаласының прокуратура органдары қадағалау қызметі барысында халықпен кері байланысқа ерекше көңіл бөледі, - делінген ведомствоның баспасөз қызметі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана қаласының прокуратура органдары қадағалау қызметі барысында халықпен кері байланысқа ерекше көңіл бөледі, - делінген ведомствоның баспасөз қызметі. 

Оның пәрменді тәсілдерінің бірі жүйелі түрде өткізілетін елорда тұрғындарымен кездесу болып табылады.

Реклама
Реклама

Мысалы, "Байқоңыр" ауданы прокуратурасының жүргізген кезекті іс-шарасы барысында жалақы төлеу бойынша ірі мөлшерде қарыз белгілі болды. Сонымен, құрылыспен айналысатын кәсіпорынның жосықсыз иесі еңбек шартын жасамай ұзақ уақыт бойы 54 қызметкерге жалақы төлемеген.

Аудан прокуратурасының талабы бойынша қызметкерлермен тиісті шарттар жасалып, 3,5 миллион теңге көлемінде жалақы бойынша берешек төленді.

Осыған ұқсас факт "№2 автобус паркі" ЖШС-де анықталып, онда ден қою шаралары негізінде 128 қызметкердің еңбек құқықтары қалпына келтіріліп,  оларға 12 м миллион теңге көлемінде жалақы төленді.

Кінәлі тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram