Астанада автобустарға арналған арнайы жолақтар 5 маусымда пайда болады

Астанада автобустарға арналған жаңа арнайы жолақтар пайда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл жайында бүгін "Астана жолаушылар тасымалы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Еділ Сүлейменов баспасөз маслихаты барысында мәлімдеді.

Қоғамдық көліктерге арналған арнайы жолақтар бірінші кезеңнің аясында биыл 5 маусымға дейін Алаш тас жолында ("Магнум" сауда орталығынан бастап Уәлиханов көшесіне дейін), Қорғалжың тас жолында (Бәйсеков көшесінен бастап Тұран даңғылына дейін) пайда болады.

Екінші кезең аясында "Bus Lane" арнайы жолақтары 15 маусымда Жеңіс даңғылында (Есенберлин көшесінен бастап Кеңесары көшесіне дейін) пайда болады. Сонымен қатар, арнайы жолақтар Бараев көшесінде (Қорғалжың тас жолынан бастап Уәлиханов көшесіне дейін) қойылады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама