ПОДЕЛИТЬСЯ
09 қараша 2018 | 11:37
Астанада автотұрақ салығы 10 есе өседі
Ақылы тұрақ салығы 10 есе өсіп, шаршы метріне 193 теңгеге тең болады. Елорда әкімдігіндегілер бұл жаңалықтың көлік иелерінен алынатын тұрақ ақысына қалай әсер ететінін білмейтінін айтып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы жаңа Салық кодексіне сәйкес тұрақ салығын көтеру бойынша мәселені мәслихаттың қарауына енгізді.
"Мынадай автотұрақ санаттарын бекіту ұсынылады: бірінші санат - автокөлік құралдарын ақылы түрде сақтау бойынша қызмет көрсетуге қолданылатын паркингтер, екінші санат - тегін паркингтер, үшіншісі - айыптұрақтар. Салықтың базалық мөлшерлемесін бірінші санатқа қатысты ғана көтеру ұсынылып отыр. Мөлшерлеме шаршы метріне 193 теңгеге тең болады. Екінші және үшінші санаттағы автотұрақтарына салық өспейді - шаршы метріне 19,3 теңге", - деп хабарлады басқарма басшысы Бақтыбай Тайталиев.
Мәслихат депутаттары салықты көтеруді қолдап, бірауыздан дауыс берді.
"Салық паркинг иелеріне ғана көтеріледі. Бұл құжатты басшылық қабылдады, біз оны сәйкестендіреміз. Салық көтеріледі, ал бағасы қандай боларын білмеймін", - деді Тайталиев мәслихат сессиясынан кейін.
Показать комментарии
Читайте также