Астанада аялдамаға зақым келтірген ер адам жазалануы мүмкін

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Мас күйде аялдамаға зақым келтірген астаналық әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Мас күйде аялдамаға зақым келтірген астаналық әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға белгісіз біреу мас күйде аялдама павильонының әйнегін бүлдіріп алғаны туралы хабарлама келіп түскен. Осы дерекке қатысты қаланың 21 жастағы тұрғыны анықталды.

"Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігімен 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза қолдану, сондай-ақ 147-1 бабының 1-бөлігі бойынша іс қозғалды. Ер адамға айыппұл салынады немесе 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Ол уақытша ұстау бөлмесіне орналастырылды. Жинақталған материал әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына шешім қабылдау үшін жолданды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама