17 қазан 2023 15:36

Астанада бала 12-қабаттан құлап кеткен: ІІМ мәлімдеме жасады

Дина Шарипханова Корреспондент
Freepik

ІІМ орынбасары Игорь Лепеха Астанада 12-қабаттың терезесінен секіріп кеткен оқушының ісіне қатысты тергеу туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ орынбасары Игорь Лепеха Астанада 12-қабаттың терезесінен секіріп кеткен оқушының ісіне қатысты тергеу туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алдын ала мәлімет бойынша, буллинг дерегі жоқ, бала туралы пікірлер жақсы. Мектепте қандай да бір айтарлықтай жанжал болмаған. Бірақ бұл алдын ала ақпарат. Тағы да айтамын, іс бітпейінше, нақты ештеңе айта алмаймын. Бірақ бұл жерде алдын ала мәлімет бойынша, буллинг болмаған", - деді Лепеха үкімет кулуарында журналистердің сұрағына жауап беріп.

Реклама
Реклама

Вице-министрдің айтуынша, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл буллинг үшін жауапкершілік белгілеу туралы ұсыныс жасаған.

"Бұл қазір мемлекеттік органдармен талқыланып жатыр, барлық мүдделі мемлекеттік органдармен келісіліп жатыр: қалай болады, қандай болады? Бұл ең алдымен әкімшілік жауапкершілік болуы мүмкін. Бұлар негізінен кәмелетке толмағандарға қатысты", - деп түсіндірді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram