12 шілде 2023 12:24

Астанада бала көтерген ер адамды ұрған Бейбіт Шүменов пе? ІІМ өкілі жауабы

Алғабек Хамитұлы Корреспондент
Egovpress Telegram арнасының бейнежазбасынан кадр. Фото Шүменов Vesti.kz © Тұрар Қазанғапов

Үкімет кулуарында ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сөнтаев Астанадағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде болған төбелестің мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкімет кулуарында ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сөнтаев Астанадағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде болған төбелестің мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Осыған дейін әлеуметтік желілерде шабуыл жасаған адамның кәсіпқой боксшы, әлем чемпионы Бейбіт Шүменов екені туралы ақпарат пайда болған еді. ІІМ вице-министрі бұл ақпаратты растады.

"Иә, ол Бейбіт Шүменов. Бұзақылық бойынша қылмыстық іс қозғалды, қазір онымен айналысып жатырмыз", - деді Қайрат Сөнтаев.

Реклама
Реклама

Вице-министрдің айтуынша, бұл істі "есептен шығарған" учаскелік инспекторға қатысты қызметтік тексеру басталған.

"Тексеру жүріп жатыр, ол қатаң жазаланады, күні кеше ғана министр бұл мәселені көтерді", - деді Сөнтаев.

Сондай-ақ, вице-министрге журналистер "соққыға жыққан адамның кәсіпқой боксшы болуы жауапкершілікті ауырлата ма" деген сауал қойды.

"Ол ұзақ уақыт бойы бокспен айналыспады, сараптама нәтижесі қандай болатынын күтейік", - деп жауап берді Қайрат Сөнтаев.

Сөнтаевтың айтуынша, төбелес кезінде Шүменов сау болған.

"Бала зардап шеккен жоқ, бірақ жәбірленуші қылмыстық іс қозғалуын талап етіп отыр", - деді министрдің орынбасары.

Еске сала кетейік, осыған дейін Астанадағы ірі сауда орталығында қолында баласы бар ер адамды бір жігіт соққыға жыққан болатын. Осыдан кейін әлеуметтік желі қолданушылары оқиғаға қатысы бар деп боксшы Бейбіт Шүменовті кінәлай бастады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram