Астанада бала көтерген ер адамның соққыға жығылған сәті видеоға түсіп қалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Egovpress телеграм-арнасы

Астанадағы ірі сауда және ойын-сауық орталығының тамақтанатын орнында төбелес болып, оның барысында бір ер адам екіншісіне жұдырықпен шабуыл жасаған - оның қолында кішкентай бала болған. Әлеуметтік желіде оқиғаның бейнебақылау камераларына түсірілген видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеоны Egovpress Telegram-арнасы жариялады. Авторлардың айтуынша, оқиға 18 маусымда болған.

Реклама
Реклама

Зардап шеккен тарап істі тежеген полицияның үстінен шағымданған - қылмыстық құқық бұзушылықтың болмауына байланысты. Tengrinews.kz редакциясы пікір алу үшін Астана полиция департаментіне жүгінді.

"Бұзақылық дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Бұл ретте полиция қызметкерлеріне қызметтік тексеріс тағайындалып, оның қорытындысы бойынша құқықтық баға берілетін болады. Басқа мәлімет жарияланбайды", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама