24 қаңтар 2018 | 12:02

Астанада балаларға ең көп қойылатын есімдер аталды

2017 жылы Астанада балаларға ең көп қойылатын есімдер Әлихан мен Айзере болып шықты , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

2017 жылы Астанада балаларға ең көп қойылатын есімдер Әлихан мен Айзере болып шықты , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Әкімдіктегілердің мәліметінше, 2017 жылы елордада туылған 405 сәбиге Айзере есімі берілген.

Реклама
Реклама

"354 рет берілген Айлин есімі екінші орында. Үздік үштікті Әмина есімі түйіндейді. 353 ата-ана өз баласына осы есімді берген. Айару, Айша, Раяна, Аяла, Кәусар, Дария, Әдия, Інжу, Айым және Томирис есімдері де өткен жылы қыз балаларға қойылған есімдердің арасында алдыңғы қатарда тұр", - делінген Астана әкімдігінің сайтында. 

Ал ұлдар арасында жиі қойылған есімдердің үштігіне Әлихан, Әмір және Әли есімдері кіреді. Елордада 12 ай ішінде бұл есімдер 328, 255 және 222 балаға берілді. Сондай-ақ, астаналық ата-аналар өздерінің ұл балалары үшін жиі таңдаған есімдердің арасында Айсұлтан, Санжар, Ерасыл, Арлан, Арсен, Нұрислам, Алан, Мансұр, Рамазан, Мирас және Әлинұр есімдері де кездеседі. 


© Астана әкімдігінің сайты

"Балаларға елде болып жатқан оқиғаларға байланысты есім қою дәстүрі де өзгерген жоқ. Халықаралық ЭКСПО көрмесін өткізу кезінде "Есіл" ауданының АХАТ бөлімшесінде ұл балаға қойылған Бәдібэкспо есімі тіркелді. 
"Есіл", "Сарыарқа" және "Алматы" аудандарының АХАТ бөлімшелері берген мәліметтерге сәйкес, елордада 2017 жылы Астанада дүниеге 34 087 сәби келген. 2016 жылы бұл көрсеткіш - 32 056 бала", - деп хабарлады әкімдіктегілер.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная