Астанада баласынан бас тартатын ата-ана азайды

© chaskor.ru

Астанада ата-аналарды? балаларынан бас тарту жа?дайларыны? азай?аны бай?алады. Б?л туралы мамандандырыл?ан балалар ?йіні? директоры Сауле Кенжебаева Астана ?кімдігіні? медиаорталы?ыны? тілшісіне берген с?хбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Астанада ата-аналардың балаларынан бас тарту жағдайларының азайғаны байқалады. Бұл туралы мамандандырылған балалар үйінің директоры Сауле Кенжебаева Астана әкімдігінің медиаорталығының тілшісіне берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ресми мәлімет бойынша, жарты жылда осы мекемеден 44 баланы асырап алынған. 

"Ең бастысы бізде төрт жасқа толған балаларымыздың ешқайсысы жетімдер үйіне өткен жоқ", - деп атап өтті Кенжебаева. 

Реклама
Реклама

Мамандандырылған балалар үйінде тәрбиеленушілер тек төрт жасқа дейін болады, ал осы жасқа толғанға дейін оларды асырап алмаса, жетімдер үйіне ауыстырылады екен. 

"Тастанды балалардың азайып келе жатқаны бізді қуантады. Әрине бұл мемлекетіміздің сауатты саясатының жемісі. Елімізді әйелдерге жан-жақты көмек пен қолдау көрсетілетін дағдарыс орталықтары, Аналар үйі ашылған", - дейді ол. 

"Жыл басынан бізге 44 бала қосылды, ал 48 баланы алып кетті, мүмкіндігі шектеулі төрт балақай психоневрологиялық мекемеге ауыстырылды. Қалған балалардың барлығын биологиялық ата-анасы, не туыстары, не жаңа ата-анасы өз қолына алды", - деді Сәуле Кенжетаева. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама