Астанада балконнан секіріп кеткен екі оқушы қыздың өлімінің себебі анықталды

© Tengrinews.kz

Астанада мамыр айында балконнан секіріп кеткен екі оқушы қыз сектаның ықпалына түскен. Бұл туралы ОКҚ брифингі кезінде ҚР ІІМ өте маңызды істер бойынша тергеу департаментінің аға тергеушісі Арман Мәтжан айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кәмелеттік жасқа толмаған екі қыздың сектаның ықпалына түскені анықталды. Олар Интернет арқылы "өмір - бұл ештеңе" деген сипаттағы хабарлама алған. Қазіргі уақытта мұндай сипаттағы хабарламаны таратқан адамдар анықталып жатыр. Балаларды мұндай әрекеттерге итермелеу Интернет арқылы жасалатындықтан, бізге хабарлама тарататын адамдарды анықтау техникалық жағынан қиынға түседі", - деді Мәтжан.

Еске сала кетейік, биыл мамыр айында Астанада екі оқушы қыз тұрғын үй балконынан секіріп кеткен болатын. Осы дерек бойынша тергеу амалдары басталды.

Реклама
Реклама
 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама