17 желтоқсан 2018 | 15:12

Астанада бас шыршаның шамдары қашан жағылады?

© astana.gov.kz

18 желтоқсан сағат 18.30-да ЭКСПО-2017 көрме аумағында Астананың бас шыршасының шамдарын жағу рәсімі өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

18 желтоқсан сағат 18.30-да ЭКСПО-2017 көрме аумағында Астананың бас шыршасының шамдарын жағу рәсімі өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Әкімдіктің мәліметінше, мерекелік шара танымал әртістердің қатысуымен өтетін концерттік бағдарламаға ұласады. ЭКСПО көрмесінің аумағында кішкентай көрермендердің көңілін аниматорлар мен алып қуыршақтар көтеретін болады.

Реклама
Реклама

"Ойын-сауық бағдарламасын астаналықтар мен қала қонақтары сағат 18.30-дан бастап тамашалай алады. Шыршаның шамдарын жағу рәсімі сағат 19.00-ге белгіленіп отыр", - деді әкімдіктегілер.

Сонымен қатар, елорда тұрғындары мерекелік отшашудың куәгері бола алады. Бас шыршаның шамдарын жағу арқылы қысқы және отбасылық демалысқа арналған көптеген қызмет көрсететін ойын-сауық түрлерінің бірыңғай интерактивті #AstanaWinterland алаңы іске қосылады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram