12 қараша 2024 | 16:19

Астанада басшылар дүкендерді қорқытып, ақша төлеуге мәжбүрлеген

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Астана прокурорлары кәсіпкерлердің құқығын қорғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана прокуратурасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астана прокурорлары кәсіпкерлердің құқығын қорғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана прокуратурасына сілтеме жасап.

Астананың Сарыарқа ауданы прокуратурасының жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топқа келіп түскен сигнал бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестік басшыларының заңсыз әрекеті тоқтатылды.

"Тексеру барысында прокурорлар екі басшының азық-түлік дүкендеріне барғанын және сатушылардан жарамдылық мерзімі өткен азық-түлік туралы заңбұзушылықтарды хабарламауы үшін ақша талап еткені анықталды. Осылайша, қорқытып алу арқылы 7 кәсіпкердің әрқайсынан 25 мың теңгеден иеленген", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Прокуратураның нұсқауы бойынша полиция органы соталды тергеп-тексеруді бастады.

"Сот үкімі бойынша, кінәлі тұлғалар ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі 2), 3) тармақтары бойынша адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен бірнеше рет жасалған қорқытып алушылық үшін сотталды. Сотталғандардан материалдық залал өндірілді".

Үкім заңды күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная