Астанада бастапқы нүкте белгісі пайда болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Астанада бастапқы нүкте белгісі пайда болды видео кадры

Астана саябағында нөлдік километрдің 4 метрлік шартты белгісі орнатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Астана саябағында нөлдік километрдің 4 метрлік шартты белгісі орнатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Елордада 1 қарашада "нөлдік километр" пайда болды. Енді сол жағалаудың ортасы және еліміздің бас қаласынан барлық жол арақашықтықтарының бастапқы нүктесі саябақтағы көрсеткіш болып саналады.

Дегенмен, мұның бәрі шартты түрде. Әкімдіктегілер шағын архитектуралық пішін тек туристерді тарту үшін салынғанын және метрологиялық қызмет атқармайтынын айтты.

Жарнама
Жарнама

Сақинасы бар символдық белгі металдан жасалған. Төрт метрлік бағанаға жебе бағыттар бекітіліп, онда әлемнің 17 қаласы белгіленген және оларға дейінгі қашықтық көрсетілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама