Астананың Сарайшық ауданында бес қабатты ғимараттағы өрт сөндіріліп жатыр, өрт сөндірушілер шақыртудың жоғары дәрежесі бойынша жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz ТЖМ-ге сілтеме жасап.
Өрт Бөлекпаев көшесіндегі ғимараттан шыққан.
"Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде қою түтін байқалды. ТЖМ күштері барлау жүргізіп жатыр. Жұмысқа газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары тартылды", - деп хабарлады ведомство.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Еске салсақ, 12 сәуірге қараған түні Астанада Түркістан көшесіндегі 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатында орналасқан пәтерден өрт шықты. Пәтерден үш баланың үш бала өлі табылды. Өртсөндірушілер олардың анасын құтқарып қалды, ол денесі күйіп №1 көпбейінді қалалық ауруханаға жатқызылды.
Жоғарғы қабаттардан 20 адам эвакуацияланды, тағы 40-қа жуық адам ғимараттан өз бетінше шықты. Елордалық полицейлер қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Сонымен қатар, полиция жүргізушіні жазалады, оның көлігі өрт болған ТҮК ауласына кіретін жолды бөгеп тастаған.
Tengrinews.kz оқиғаның мән-жайын білу және куәгерлермен тілдесу үшін оқиға орнына барып қайтты.
18 сәуірде өрттен аман қалған Астана тұрғыны есін жиғанын, бірақ жағдайы әлі де ауыр екенін жазған болатынбыз.