14 қараша 2023 | 14:12

Астанада биіктен құлап аман қалған төртінші альпинистің жағдайы белгілі болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: depositphotos.com

Астана Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тірі қалған төртінші альпинистің жағдайы туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астана Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тірі қалған төртінші альпинистің жағдайы туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"1999 жылы туған науқастың жағдайы оң динамикада. Қазіргі уақытта науқас стационар бөлімінде жатыр, трахеостомиялық түтіксіз, өз бетінше тыныс алып, толық кешенді ем қабылдап жатыр", - деп хабарлады ведомство.

Реклама
Реклама

Дәрігерлердің айтуынша, өнеркәсіптік альпинист 6 қарашада өздігінен тамақ ішіп, серуенге шыққан.

Еске салайық, 12 қазанда Астанадағы құрылыс нысандарының бірінде төрт өнеркәсіптік альпинист жұмыс кезінде тоғызыншы қабаттан құлап кеткен. Үш альпинист қаза болып, біреуі аурханға түскен болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная