Астанада бірнеше мұз айдындары мен хоккей алаңдары ашылды

© AfishaDay.kz

Елордада м?з айдындары ??ю мен хоккей ала?дарын орнату ж?мыстары ж?ргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана ?кімдігіні? сайтына сілтеме жасап. 

Елордада мұз айдындары құю мен хоккей алаңдарын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 

"Сарыарқа" ауданының аумағында мұз айдындары мен хоккей алаңдары келесі мекен-жайлар бойынша орналасатын болады: Сарыарқа даңғылы, Қосшығұлұлы көшесі, Кирпичный елді мекені, "Өндіріс", "Көктал-1", "Көктал-2" тұрғын үй алқаптары. Есіл өзенінің жағалауында екі мұз айдыны ұйымдастырылмақ. Қалалық алаңда конькиді жалға беретін пункті бар қоғамдық мұз айдыны орналастырылуда. Бұдан бөлек, қысқы уақытта Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы футбол алаңы мұз аренасына айналады.

"Алматы" ауданында хоккей алаңдары № 5, 27, 30, 31, 32, 57 мектептердің аумағында, сондай-ақ, "Железнодорожный" тұрғын үй алқабындағы №65668 әскери бөлімнің аумағында орналасатын болады.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, 25 желтоқсанда Ақбұлақ өзеніндегі мұз айдынының ашылу салтанаты өтеді деп күтілуде. 26 желтоқсанда Жерұйық саябағындағы мұз айдыны ащылады.

27 желтоқсаннан бастап Президент саябағындағы қардан жасалған төбешіктерден сырғанау мүмкін болады. Барлық саябақтарда конькиді жалға беретін пунктер мен тамақтануу орындары ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, "Жастар" сарайының аумағында да мұз айдыны мен төбешіктен сырғанау мүмкін болады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама