Астанада блогер Жанәбіловтің жұбайына қатысты сот басталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Аружан Дарибай

Астанада блогер Ерболат Жанәбіловтің әйелі Эльмира Төлегеноваға қатысты сот процесі басталды. Ол сотқа адвокаттармен бірге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада блогер Ерболат Жанәбіловтің әйелі Эльмира Төлегеноваға қатысты сот процесі басталды. Ол сотқа адвокаттармен бірге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот отырысы елорданың әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтеді.

Сотқа блогер Эльмира Төлегенованың өзі, ерлі-зайыпты адвокаттар - Олег пен Анна Черновтер келді.

Реклама
Реклама

Оқиғаның мән-жайы

Бұған дейін блогерлер Instagram-да 11 көлік ойнатылатынын жариялаған болатын. Шарты қарапайым көрінген, репост жасау ғана. Алайда 21 тамызда оқырмандар тікелей эфирдің орнына құны 30 мың теңге тұратын Zhana Business ақылы курсының сілтемесін көрген. Конкурсқа тек курсты сатып алғаннан кейін қатысуға мүмкіндік берілетіні белгілі болды. Бұл жұрт арасында наразылық тудырды.

Кейінірек Жанәбіловтер ұйымдастырған даулы конкурс сотқа жетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама