Астанада боран, Алматыда жылы: ауа райы болжамы

Дина Шарипханова Корреспондент
Астанада боран, Алматыда жылы: ауа райы болжамы Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Синоптиктер 6, 7 және 8 қарашада Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер 6, 7 және 8 қарашада Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана

6 қарашада – құбылмалы бұлтты, кей уақытта қар, бұрқасын. Жолдарда көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыс бағыттан соғады, екпіні 9–14 м/с, таңертең және күндіз екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде 8–10 градус аяз, күндіз 0–2 градус аяз.

Реклама
Реклама

7 қарашада – құбылмалы бұлтты, кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын. Жел оңтүстік-батыс бағыттан соғады, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде 2–4 градус аяз, күндіз шамамен 0 градус.

8 қарашада – құбылмалы бұлтты, кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз шамамен 0 градус.

Алматы

6 қарашада – құбылмалы бұлтты, жауын-шашын жоқ. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-шығыс бағыттан соғады, екпіні 2–7 м/с. Ауа температурасы түнде 5–7 градус аяз, күндіз 0–2 градус жылы.

7 қарашада – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыс бағыттан соғады, екпіні 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде 3–5 градус аяз, күндіз 6–8 градус жылы.

8 қарашада – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыс бағыттан соғады, екпіні 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде 0–2 градус аяз, күндіз 9–11 градус жылы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама