22 маусым 2023 | 09:14

Астанада бірнеше жол учаскелері жабылады

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Тұран даңғылының учаскелері мен Шұғыла көшесінің учаскелері жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тұран даңғылының учаскелері мен Шұғыла көшесінің учаскелері жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

"Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаланың ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, Тұран даңғылына орташа жөндеу жүргізеді", - делінген хабарламада.

Жөндеу жұмысына байланысты осы жылдың 21 маусымы сағат 21:00-ден 22 маусым сағат 12:00-ге дейін Тұран даңғылы мен Қорғалжын тасжолының қиылысында көлік қозғалысы шектелетін болады.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, 22 маусымда сағат 21:00-ден 23 маусым күні сағат 12:00-ге дейін Тұран даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысында көлік қозғалысы толығымен жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет екені айтылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram