22 желтоқсан 2020 | 17:02

Астанада бірнеше рет карантин режимін бұзған түнгі клуб пен караоке-бар сот шешімімен жабылды

© elements.envato.com

Сот Нұр-Сұлтандағы бірнеше рет карантин режимін бұзған түнгі клуб пен караоке-бардың жұмысын тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдік сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сот Нұр-Сұлтандағы бірнеше рет карантин режимін бұзған түнгі клуб пен караоке-бардың жұмысын тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдік сайтына сілтеме жасап. 

"Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Alanya түнгі клубының (Манас көшесі, 9) қызметін 3 айға 100 АЕК әкімшілік айыппұлмен, сондай-ақ Janym Sol караоке-барын (Б. Майлин көшесі, 37А) 70 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салумен 1 айға тоқтатты", - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

Карантин шараларын бұзған елордадағы бірқатар түнгі клубқа қатысты тағы алты материал сот қарауында. Бұған дейін жоғарыда аталған нысандарға бірнеше рет бұзушылықтарды жою туралы бұйрық берілген. 

Қызметті тоқтата тұру туралы сот акті орындалмаған жағдайда, тәртіп бұзушыларға әкімшілік қамауға алу шаралары қолданылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная