Астанада бұршақ жауып, қатты жел соғады деп болжанып отыр

бұршақ Фото: depositphotos.com

Дүйсенбі, 15 маусымда елордада күн күрт нашарлайды. Бұл туралы құтқарушылар ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Дүйсенбі, 15 маусымда елордада күн күрт нашарлайды. Бұл туралы құтқарушылар ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Синоптиктердің болжамынша, дүйсенбіде Астанада кей уақытта жаңбыр жауып, күн күркірейді. Күндіз елордада бұршақ жаууы мүмкін.

Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Жарнама
Жарнама

Бүгін елордада күн ала бұлтты болады, кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Күндіз ауа температурасы 26-28 градус болады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама