15 желтоқсан 2014 16:56

Астанада ІІД ғимаратының алдына 40 құрылысшы жиналды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Астана қаласында 40-қа жуық құрылысшы жалақыларын ала алмай полицияға шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астана қаласында 40-қа жуық құрылысшы жалақыларын ала алмай полицияға шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметі мамандарының мәлімдеуінше, 15 желтоқсан сағат 11.00-де Астана қалалық ішкі істер департаменті ғимаратының алдына 30-40 адам жиналып, департамент басшылығынан "Corpouftion AE" ЖШС басшысы Елдар Алтынбековтен жалақыларын алып беруге қолғабыс қылуды өтінді. 

"Азаматтармен ІІД басшылығы мен "Сарыарқа" аудандық прокуроры кездесіп, мәселенің егжей-тегжейін талқылады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, дәл бүгін Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков құрылыс объектілеріндегі жұмысшылардың жалақысын қадағалауды еңбек инспекция басқармасына тапсырған болатын, сонымен қатар жұмыс берушілердің міндеттемелерді орындауына баса назар аударуды тапсырды. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети