Астанада дәрігерлер жүрегі 10 минут бойы соқпай қалған баланы аман алып қалды

Фото: pixabay.com

Астаналық дәрігерлер алты айлық баланы екі мәрте ажалдан арашалап қалды. Сәби шәугімдегі ыстық суға күйіп, жүрегі тоқтап қалған. Қазір ол ауруханада емделіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Әдетте жүрегі тоқтаған науқастың жағдайын қалпына келтіру үшін тек төрт-бес минут уақыт беріледі. Ал бұл жағдайда сәбидің жүрегі 10 минут соқпаған, алайда реаниматологтар оны қайта тірілтіпті.

Жансақтау бөлімінен кейін бірнеше күн бойы баланың өмірі қыл үстінде болған. Бір апта аппарат арқылы тыныстап, күйік терапиясын қабылдаған сәбидің жағдайы қазір тұрақты.

Реклама
Реклама

"Алғашқыда тамырын таба алмадық. Соған байланысты жүрегіне адреналин енгізуімізге тура келді. Өйткені шұғыл жағдайда тамырын табу қиын, тамыр соғысы тым баяу болғандықтан осындай шара қабылдауға тура келді", - деді Астана қаласы №2 көпбейінді балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі Нұрсұлтан Құрбанбеков.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама