05 қараша 2023 | 12:30

Астанада дүкеннен ойыншықтарды жалған түбіртек жасап сатып алған адам ұсталды

Астанада ер адам дүкеннен ойыншықтарды жалған түбіртек жасап сатып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астанада ер адам дүкеннен ойыншықтарды жалған түбіртек жасап сатып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Елордада сатушы "Алматы" аудандық полиция бөліміне арызданған. Оның айтуынша, белгісіз бір азамат кешкі 20.00-де ойыншық сататын дүкенге келіп, екі машина мен бір қуыршақ таңдаған. Кассаға келген кезде сатушы алған ойыншықтардың құны 40 мың теңге тұратындығын айтады. Ол қосымша арқылы ақшаны төлегендігі туралы чек көрсетеді. Кейін клиенттің ақшаны төлемегендігіне көз жеткізеді. Осылайша полицияға хабарласқан.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында "Алматы" ауданы криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері 30-жастағы қала тұрғынын анықтады.

Реклама
Реклама

Ұсталған ер адамға қатысты қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол мойындау көрсетпелерін берді. Ол осы жылы қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта оның елорда аумағында осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Полицейлер жеке кәсіпкерлерді түбіртекті қолдан жасау туралы алаяқтыққа абай болуын сұрайды. Олар жалған төлем түбіртектерін көрсетіп, сатушыларды жиі алдайтынын ескертеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная