Астанада дүниежүзілік сауда орталығы салынады
Астанада таяу жылдары қандай нысандар пайда болатыны туралы Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы (Astana ӘКК) айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Дүниежүзілік сауда орталығының ғимараты (World Trade Center)
Кешен EXPO маңайында биіктігі 150 метр 2 гектар жерде салынады. Жобаға 200 миллион долларға дейін қаражат бөлінеді.
"Бұл жобанының барлық шығынын жүз пайыз өзі көтеретін инвестор бар. Біз серіктестерміз және мемлекеттік органдардан жер телімін және барлық рұқсаттарды ұсынумен айналысамыз", - деді Astana әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.
Қазір сәулет тұжырымдамасын құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Орталықтың құрылысы туралы Қазақстан Президентінің Бельгияға ресми сапары кезінде уағдаласты. Айта кетсек, дүниежүзілік сауда орталықтарының ғимараттары Нью-Йоркте, Амстердамда, Токиода, Сеулде және Дубайда орналасқан.
Халықаралық сауда орталықтарының қауымдастығы болып (WTCA) халықаралық саяси емес ұйымы жатады. Ол жаһандық сауда мен инвестициялардың дамуына ықпал етеді. Дүниежүзілік сауда орталықтары өзара бір желімен байланыста және басқалар секілді ірі корпорациялардың кеңселеріне дәстүрлі түрде негізделеді. Олар: Eni, "Лукойл", Panasonic, J.P. Morgan, Bank of New York және тағы басқа.
Сурет: pixabay.com
Бас киім түріндегі Еуразиялық орталық
Астанада скиф жауынгерлерінің бас киімі түріндегі ерекше ғимарат пайда болады. Ол "Хан Шатыр"сауда-саттық ойын орталығының артында орналасады. Құрылыс 2019 жылдың соңында басталады деп жоспарланып жатыр.
"Бұл ғимараттың жоспары әлі қарастырылып жатыр. Бұл көпфункционалды орталық болады оның ішінде: қонақ үй, кеңселер, галерея, мейрамханалар, сауда орталығы болады", - деп мәлімдеді Нұрлан Жақыпов.
Көпфункционалды тұрғын үй кешені
2019 жылы елордамызда көпфункционалды тұрғын үй кешенінің құрылысына кіріседі, ол туралы премьер-министр Бақытжан Сағынтаев пен Сербия Президенті Александр Вучич өзінің Қазақстанға сапары кезінде келіскен еді.
Тұрғын үй кешенінің аумағы-61 гектар, ол Тельман шағын ауданының ауданында орналасады. Құрылыстың жоспарланған кезеңі 2018-2023 жылдар аралығы. Инвестиция көлемі шамамен 500 миллион доллар.
Қонаев көшесіндегі көпфункционалды тұрғын үй кешені
Келесі жылдың соңында елордада Rixos President Astana қонақ үйінің жанында Қонаев көшесі бойындағы көппәтерлі кешеннің құрылысы басталады.
Сондай-ақ бұл жерде бизнес орталықтар орналасады.