11 шілде 2017 | 18:34

Астанада ЕХРО көрмесінде миллионыншы келуші тіркелді

Астанада EXPO-2017 көрмесінде миллионыншы келуші тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астанада EXPO-2017 көрмесінде миллионыншы келуші тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Басты операциялық орталықтың қызметкерлері барлық төрт кіреберісте барлық келушіні тіркеген. Көрмеге кіре берісте гольф-карлар кезекшілікте болды, олар миллионыншы келушіні дереу медиа-орталыққа марапаттау үшін жеткізді. 

Реклама
Реклама

Миллионыншы келуші 18:06-да тіркелді. Ол Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған арнайы монумент жақсағы кіре берісінен анықталған. Ол - Астана қаласының 27 жастағы тұрғыны Гүлжихан Жанабергенова болып шықты. Гүлжиһан Көрмеге жалғыз келмей, жолдасы мен үш жасар қызын ертіп келген екен.

"Мен №76 мектеп-лицейінде мұғалім болып қызмет етемін. Мұнда екінші рет келіп тұрмын, бірақ ол кезде біздің "Нұр Әлем" павильона кіре алмаған едім. Сондықтан, бұл жолы, бірінші кезекте, біз өз еліміздің павильонына ат басын бұрмақпыз. Шынымды айтсам, осындай қуанышты жағдайға тап боламын деп ойламадым, тіпті ЭКСПО-ға келген адамдар саны тіркеліп отыратынын да білмеппін", - деді Гүлжихан Жаңабергенова.

Еске салайық, 2017 жылы 27 маусымда халықаралық мамандандырылған көрмеге бесжүзмыңыншы келуші тіркелген болатын.

Сондай-ақ, айы оңынан туған мейманды құттықтау үшін Көрменің медиа-орталығына "Астана ЭКСПО-2017" ҰҚ" АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов те келді. Ұлттық компанияның басшысы миллионыншы келушімен жүздесіп, оған естелік сыйлықтар мен Көрмеге және Цирк дю Солей қойылымына арналған билеттерді тарту етті. Ахметжан Есімов өз құттықтау сөзінде халықтың Көрмеге деген қызығушылығы күн санап артып келе жатқанын тағы бір мәрте атап өтті.

"Біз жоспар бойынша жұмыс істеп келе жатырмыз және барлығы ойдағыдай өткізілуде. Бүгінде бір миллионыншы келуші тіркелді, бұл біз үшін жақсы көрсеткіш. Негізі ЭКСПО-2017 көрмесінің жұмысы барысында 2 млн. келуші тіркеледі деп жоспарлаған едік. Дегенмен, бір ай ғана өтті, біз осы уақыт ішінде 1 миллионыншы келушіні қарсы алудамыз. Осындай ауқымды жоба өткізіп отырған соң, бірінші кезекте, қазақстандықтардың көңілінен шығып жатыр ма деп алаңдаймыз. Көрмеге елдің қызығушылығы артып келе жатқанына қуаныштымыз", - деп атап өтті Ахметжан Есімов.

Естеріңізге сала кетейік, Көрменің тіркеу құжаттамасында ЭКСПО-2017-ге 2 миллион адам келеді және көрме нысандарында жалпы саны 5 миллионға жуық келуші тіркеледі деп жоспарланған еді. Ал, халықаралық павильондарды аралаған келушілердің санын қоссақ, 10 шілдедегі көрсеткішке сәйкес, 5 960 212 адам тіркелген. Көрме кешеніндегі негізгі нысандарға жұртшылық 834 579 рет келген. Бұл ретте 303 007 адам тамашалаған "Нұр Әлем" павильоны көш бастап тұр. Есептеп көрсек, барлық келушілердің шамамен130 мыңы немесе 14 пайызы шетелдік қонақтар.

Бір ай ішінде Көрмені 160 мың адам жеңілдіктер қарастырылған тарифпен тамашалаған. Олар - мектеп оқушылары, зейнеткерлер мен студенттер. Сондай-ақ, 6 жасқа дейінгі бүлдіршіндер, ҰОС қатысушылары мен оларға теңелген тұлғалар және мүмкіндігі шектеулі жандар.

Айта кетейік, Көрме аумағында осы уақыт ішінде 1031 мәдени және іскерлік шара өткізілген, сондай-ақ, мемлекет басшыларының, министрлер мен халықаралық павильон комиссарларының қатысуымен 84 хаттамалық шара ұйымдастырылған.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная