Астанада екі даңғылдың қиылысы жабылады

Астанада екі даңғылдың қиылысы жабылады Фото:depositphotos.com

Астанада Қабанбай батыр мен Ұлы Дала даңғылдарының қиылысы жөндеуге жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Астанада Қабанбай батыр мен Ұлы Дала даңғылдарының қиылысы жөндеуге жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Астана әкімдігі мәліметінше, елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қабанбай батыр даңғылы мен Ұлы Дала даңғылының қиылысында жол төсемінің төменгі қабатын төсеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.

"Жұмыстарды жүргізуге байланысты 13 маусым сағат 21:00-ден 14 маусым сағат 23:00-ге дейін Қабанбай батыр даңғылы мен Ұлы Дала даңғылының қиылысында көлік құралдарының қозғалысы толығымен жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауд сұралады", - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама