Астанада екінші ауысымдағы оқушылар қалай оқиды?

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Астанада қатты аяз басылмай тұр. Бүгін екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары үшін қашықтан оқыту ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада қатты аяз басылмай тұр. Бүгін екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары үшін қашықтан оқыту ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2024 жылғы 24 қаңтарда ауа райының нашарлауына байланысты екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқу форматына ауысады", – деп мәлімдеді білім басқармасы.

Еске сала кетейік, алдыңғы екі күнде қашықтан оқуға тек мектеп оқушыларын ғана емес, колледждердің 1-2 курс студенттерін де ауыстырған болатын.

Реклама
Реклама

Қазгидромет мәліметтері бойынша, бүгін күндіз ауа температурасы 21-23 градус аяз деңгейінде сақталады, ал 25 қаңтарға қараған түні 25 градусқа дейін төмендейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама