Қазақстан Республикасы ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті атынан Монополияға қарсы орган 2022 жылы бірде-бір коммуналдық қызмет бойынша тарифтер саны 8-10%-ға өспейтіні жөнінде уәде берді, бірақ іс жүзінде мемлекеттік органдар өз уәдесін тағы да орындамады.
Осылайша, Ұлттық статистика бюросының ресми деректеріне жүгінетін болсақ, 2022 жылдың желтоқсан айында (2022 жылдың шілдесімен салыстырғанда) тариф Ақмола, Жамбыл, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарынан бөлек басқа аймақтардың бәрінде өзгерді.
Ең жоғары баға өсімі Астанада байқалды – электр плиталарын пайдаланатын тұрғындар үшін тұтыну көлеміне байланысты электр энергиясына қатысты тариф 1196 теңгеден 1454 теңгеге дейін 21,57%-ға артты.
Қарағандыдағы өсім көрсеткіші 10%-ды құрады - 9,96% (1164 теңгеден 1280 теңгеге дейін), одан кейін Орал (1772 теңгеден 1948 теңгеге дейін), Атырау (606 теңгеден 666 теңгеге дейін) өңірлері көш бастап тұр.
2022 жылдың шілде айында ҚР ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы Асан Дарбаев коммуналдық қызметтер бойынша тариф бағаларының айтарлықтай өсімі күтілмейтінін мәлімдеген еді. Ұлттық банк монополияға қарсы мекеме үшін 8-10% көлемінде шектеу белгілегенін, сонымен бірге тариф бойынша түзетулер бұл шектен төмен болатынын атап өткен-ді.
Күні кеше өткен дөңгелек үстел барысында Жалпыұлттық социал-демократиялық партия тізімі бойынша Мажіліс депутутығына кандидат Нұрым Нұрлыбеков: "Шенеуніктер халықты қашанғы алдайды? Mемлекеттік органдардың өз алдына тапсырма қойып, соны орындайтындай уақыттары келді ғой", - деп мәлімдеді.
ЖСДП Астанада ұйымдастырған дөңгелек үстелге қатысқан мамандар электр энергиясы құнының өсуі суық және ыстық сумен қамтамасыз етуден бастап, канализациямен аяқталатын барлық басқа коммуналдық қызметтер бойынша тарифтердің өсуіне әкелетінін атап өтті.
Ал коммуналдық тарифтердің өсуі, өз кезегінде, қазақстандықтар пайдаланатын барлық тауарлар мен өнімдердің қымбаттауына алып келеді.
ЖСДП қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру үшін шағын өндірістер құруды, шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін ұлғайтуды, кредиттеу бойынша, оның ішінде ломбардтар мен микрокредиттік ұйымдар үшін тұтыну бойынша 16%, ипотека бойынша 10%, кепілді кредиттер бойынша 10% шегінде шекті базалық мөлшерлемені белгілеуді, сондай-ақ қоғамдық Ұлттық, зейнетақы және басқа да қорлар қаражатының жұмсалуын және пайдаланылуын бақылауды ұсынады.
Тапсырыс беруші: ЖСДП Төрағасы Рақымжанов А.Н.