Астанада ер адам терезе алдындағы баланы құтқарып қалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Астанада ер адам терезе алдындағы баланы құтқарып қалды

Астанада ер адам көпқабатты үйдің терезесінде отырған баланы құтқарды. Бұл сәтте тереза ашық тұрған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада ер адам көпқабатты үйдің терезесінде отырған баланы құтқарды. Бұл сәтте тереза ашық тұрған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz редакциясының WhatsApp-нөміріне жолданған бейнежазбада ер адамның қабырға бойымен жылжып бара жатқаны көрінеді. Ол ашық тұрған терезеге қарай бет алаған. Ал, терезе шетінде бала отыр.

Оқиға Қордай көшесінде болған. Бұл жағдайды куәгерлер видеоға түсіріп алған.

Жарнама
Жарнама

Біз Астана ТЖД-ға ресми пікір алуға жүгіндік. Алайда ведомствоның баспасөз қызметі аталған жағдай бойынша оларға ешқандай қоңырау түспегенін хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама