10 желтоқсан 2023 13:21

Астанада ер адам видео түсіріп жатқан жігіттің қолынан телефонын жұлып алып, қашып кеткен

Астанада ер адам видео түсіріп жатқан жігіттің қолынан телефонын жұлып алып, қашып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада ер адам видео түсіріп жатқан жігіттің қолынан телефонын жұлып алып, қашып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өтіп бара жатқан адамнан "Xiaomi Redmi Not-12" маркалы телефонды алып, қарақшы белгісіз бағытқа қашып кеткен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы ауданының жедел қызметкерлері тонауға қатысы бар 32 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Екі астаналықтың арасындағы жанжал, кешкі уақытта Жұмабаев көшесінде болғандығы анықталды. Ер адам, бөтен адам оны ұялы телефон камерасына түсіріп жатқанына ашуланды. Өтіп бара жатқан адамның қолынан ұялы телефонды жұлып алып, қашып кетті. Ұялы телефонның иесі оны қуып жетпек болып еді, онысынан түк шықпады. Полицейлер құны 178 мың теңге тұратын "Xiaomi Redmi Not-12" маркалы ұрланған телефонды иесіне қайтарып берді.

Реклама
Реклама

Осы дерек бойынша ҚР ҚК 191 "Тонау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қаскүнем қылмыс жасағанын мойындады, қала аумағында осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram