Астанада ерекше балалар туралы даулы видео түсірген блогер ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Астанада блогер мүгедектігі бар балаларға қатысты даулы видеосы үшін ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада блогер мүгедектігі бар балаларға қатысты даулы видеосы үшін ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болған?

Бұған дейін әлеуметтік желілерде ата-аналардың наразылығын туғызған видео тарады. Онда блогер мүмкіндігі шектеулі балалардың дүниеге келуі "ата-анасының әрекеті үшін берілген жаза" екенін айтқан.

Реклама
Реклама

Кейін бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева блогердің сөздеріне құқықтық баға беру үшін Ішкі істер министрлігіне жүгінді.

Астана полициясының пікірі

Астана Полиция департаменті блогерге қатысты әкімшілік іс қозғалғанын хабарлады.

"Видео авторы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Ұсақ бұзақылық дерегі бойынша материалдар жиналып, шешім қабылдау үшін сотқа жолданады", – делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама