Астанада есірткі зертханасы кәріз құбыры арқылы анықталды

Midjourney

Астанада кәріз жүйесі арқылы есірткі зертханасы анықталды. Бұл туралы Бас прокуратураның қорытынды алқа отырысында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қадағалау органының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада кәріз жүйесі арқылы есірткі зертханасы анықталды. Бұл туралы Бас прокуратураның қорытынды алқа отырысында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қадағалау органының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана прокуратурасы есірткі қылмыстарына қарсы күресте ағынды сулардың сынамаларын талдау әдісін қолданған. Нәтижесінде есірткі зертханасы анықталып, 27 келі синтетикалық есірткі тәркіленді. Екі ұйымдастырушы сотталды.

Бұдан бөлек тұрғын үйлердің желдету жүйесіндегі ауа ағындарын өлшеу арқылы есірткі заттарын анықтау әдісі қолданылады.

Реклама
Реклама

"Есірткі қылмыстарына қарсы күрес аясында прекурсорларды әкелуді бақылау үшін "Астана-1" жүйесі арқылы "тәуекел профильдері" әзірленді. Күдік тудыратын жүктер тексеріліп, заңбұзушылықтар анықталды, бұл есірткі зертханаларына арналған компоненттерді жеткізуді бақылауды күшейтуге мүмкіндік берді", - делінген хабарламада.

Шымкентте есірткі қылмыстарына қарсы күреске қаланың санитарлық жағдайына жауапты коммуналдық қызметтер де тартылған. Өзара іс-қимыл алгоритмі әзірленгені айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама