Астанада EXPO-ға байланысты сабақтар кейінге шегерілмейді

© Тұрар Қазанғапов

Астанада?ы мектептерде EXPO-?а байланысты саба?тар кейінге шегерілмейді. Б?л туралы Tengrinews.kz тілшісіне Астана ?алалы? білім беру бас?армасыны? баспас?з хатшысы Жазира Асанова хабарлады.

Астанадағы мектептерде EXPO-ға байланысты сабақтар кейінге шегерілмейді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Астана қалалық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Жазира Асанова хабарлады.

Оның айтуынша, 2017-2018 оқу жылына арналған салтанатты сап түзеу 2 қыркүйекте өтеді.

"Құрметті ата-аналар! Бірінші қыркүйек - Білім күні еліміздегі Құрбан айт мейрамына сәйкес келуіне байланысты, мектептердегі 2017-2018 оқу жылына арналған салтанатты сап түзеу 2 қыркүйек күні өтеді. Қалалық мектептерде оқу үрдісі өзгеріссіз осы күні басталады. Колледждерде сабақ 18 қыркүйекте басталады", - деді Жазира Асанова.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, осыған дейін Астанада EXPO-ға байланысты оқу жылы кеш басталуы мүмкін екені айтылған болатын. "Астана жайлы айтар болсақ, EXPO-2017 көрмесіне байланысты шын мәнінде жол-көлік желісінде жоғары қысым болуы мүмкін деген болжам бар. Елорданың білім басқармасы "Алғашқы қоңырауды" 1 қыркүйекте әдеттегідей өткізсе де, оқу жылын 12 қыркүйекте бастау туралы ұсыныс айтты", - деп түсіндірген еді білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева.

Tengrinews
Автор сұрағы
news5
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама