Астанада EXPО кезінде құны бір жарым миллион теңге тұратын сағатты жоғалтып алған әйелге заты қайтарылды

Елордалы? полицейлер Астанада?ы EXPO-2017 к?рмесі кезінде алтын са?атын жо?алтып ?йелге затын ?айтарып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елордалық полицейлер Астанадағы EXPO-2017 көрмесі кезінде алтын сағатын жоғалтып әйелге затын қайтарып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанай қаласының тұрғыны Астана қалалық Ішкі істер департаментіне 29 шілдеде EXPO-2017 көрмесі аясында абайсызда алтын сағатын жоғалтып алғанын хабарлады. Полицияның мәліметінше, жоғалған сағат 1,5 миллион теңге тұрады.

"Осы аумақта орнатылған видеобақылау камераларындағы жазбаларды қарап шығу барысында екі адамның жерге еңкейіп бір затты алып жатқанын көрдік. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Петропавл қаласының кәмелет жасына толмаған 11-сынып оқушысы анықталды. Ол Астанаға көрмені көру келген, туыстарының үйінде болған. Видеобақылау камералары арқылы жігіттер отырған таксиді де анықтадық", - деп хабарлады елордалық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Нәтижесінде полицейлер алтын сағатты иесіне қайтарды.

"Әйел адам полицейлерге алғысын білдірді. Оның айтуынша, елордалық полицейлер үлкен жұмыс атқарды. Қысқа уақыт ішінде сағатын қайтарып алды", - деді Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама