Астанада EXPO қарсаңында уақытша тіркеуге қатысты жаппай тексерулер жүргізілмейді - ІІД

EXPO ?арса?ында т?р?ылы?ты жері бойынша уа?ытша тіркелмеген азаматтарды аны?тау ма?сатында ірі тексерістер ж?ргізілмейді. Б?л туралы Астана ?алалы? ІІД К?ші-?он полициясы бас?армасыны? басшысы Г?лвира Д?ненбаева айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

EXPO қарсаңында тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркелмеген азаматтарды анықтау мақсатында ірі тексерістер жүргізілмейді. Бұл туралы Астана қалалық ІІД Көші-қон полициясы басқармасының басшысы Гүлвира Дөненбаева айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қаладағы қауіпсіздікті бақылауға арналған шаралар жүргізілетін болады, жеке құрамның барлық мүшесі жұмылады. Егер де біреу наркологиялық диспансерде немесе басқа бір мекемелерде есеп тұрса, оған тексеріс жүргізу міндетті емес. Сондықтан да мұндай бақылаулардың қажеті жоқ. Қауіпсіздік шараларын сақтау үшін барлық шара қолданылып жатыр. Сондықтан да, меніңше, қауіпсіздікке қатысты мәселелер қозғалмауы тиіс", - деді Гүлвира Дөненбаева журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Алматыда Универсиада-2017 қарсаңында құқық қорғау органдарының қызметкерлері тексеру шараларын жүргізіп жатыр.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама