01 қыркүйек 2017 15:23

Астанада Головкин -Альварес жекпе-жегінің қайырымдылық көрсетілімі өтеді

Астанада "ҚазМедиа Холл" киноконцерт залында Головкин -Альварес жекпе-жегінің қайырымдылық көрсетілімі өтеді. Жиналған қаражатқа ұйымдастырушылар мүгедектер арбасын сатып алғысы келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада "ҚазМедиа Холл" киноконцерт залында Головкин -Альварес жекпе-жегінің қайырымдылық көрсетілімі өтеді. Жиналған қаражатқа ұйымдастырушылар мүгедектер арбасын сатып алғысы келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жекпе-жектің қайырымдылық көрсетілімі 17 қыркүйекте таңғы сағат 6.00-де "ҚазМедиа Холл" киноконцерт залында өтеді. Айта кетейік, бұл идеяның авторы - Фируза Кайлюкова.

Реклама
Реклама

"2000 теңгеге билет сатып ала отырып, сіздер осы қайырымдылық жобасының бір мүшесі боласыздар әрі көптеген күткен жекпе-жекті тамашалай аласыздар. Сондай-ақ, сіздерді түрлі ұтыс ойындары және бағалы сыйлықтар күтеді. Жиналған барлық қаражатқа мүгедектер арбасын сатып аламыз", - дейді жобаның ұйымдастырушылары.

"Бұрын адамдар жай келіп-кететін. Ал қазір біреуге көмектескім келеді. Мен көмектескім келетін бір қыз бар. Оны Facebook желісінде тауып алдым. Оған мемлекет бюджетіне арба беріліпті. Бірақ арбаның әрең қозғалуына байланысты қыз одан бас тартыпты. Ол ән де айтады, өте белсенді қыз. Шымкенттен екен, есімі Мадина Түсіпбекова", - деп жазған Фируза Кайлюкова.

Мадина Түсіпбекова есімді қыз Facebook желісіндегі парақшасында биліктегілер алып берген арба жайлы жазған.

Билеттерді fisha.kz, kassir.kz сайттарынан сатып ала аласыздар немесе  8701 806 18 88 (Фируза), 8 (87172) 707-669 ("Болашақ" Ассоциациясының кеңсесі) нөмірлері арқылы сатып алуға болады.

Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram