Астанада италиялық турист адасып кеткен

© unsplash.com

Астаналы? полицейлер адасып кеткен италиялы? туриске ?она??йге бару?а к?мектесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалы? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Астаналық полицейлер адасып кеткен италиялық туриске қонақүйге баруға көмектесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сөйтсек, 11.00 шамасында шетелдік турист Рысқұлбеков көшесінде автопатруль полицейлерінен көмек сұрапты. Полиция қызметкерлері Астана ІІД Жедел әрекет ету орталығымен байланысқа шығып, ондағылар туриспен итальян тілінде сөйлесіп, жағдайды түсіндіріп берген. 

Турист автобус бағыттарын шатастырып, кері бағытқа қарай кетіп қалған болып шықты. Соңында полицейлер туристі қонақүйге жеткізіп салды.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама